Жаңа Жайнақ
ауылы №49 орта мектеп
Жалпыға бірдей
білім беру
«Қамқорлық»
қайырымдылық акциясының жұмысы
2018 оқу жылы
Мектебімізде қаңтар айынан бастап
Жалпыға бірдей білім беру бойынша
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының айлық жұмысы басталды. «Қамқорлық»
қайырымдылық акциясының барысында
мектебімізде бірнеше іс-шаралар атқарылуы тиіс деп жоспарланып отыр. Алдымен жұмыс жоспары құрылып, сол жоспар
бойынша жұмыстар іске асырылды. Жоспар бекітілді.
Мектепішілік «Қамқорлық» қайырымдылық
акциясының басталғанымен мектеп мұғалімдері, пән мұғалімдері оқушылар барлығы
хабардар етілді. Алдымен мөлтек ауданның жетекшілері шағын ауданды аралап, 0-18
жасқа дейінгі балалар тізімін қайта қарап шығу, оқудан шығып қалған оқушылар
болса, тізімге алу; жаңа туған балаларды тіркеуге алу сияқты жұмыстар атқарылу
керек екені ескертілді. Қазіргі уақытта мектепке келген, мектептен кеткен
оқушылар жоқ. 9-сыныпты бітірген оқушылар барлығы колледждерде оқып жатыр.
Мектеп жасындағы оқушылардың барлығы сабаққа келіп жүр. Әрбір шағын ауданды аралап, өзгерістерді
хаттамаға түсіріп, 9-сынып бітірген оқушыларды қадағалап шықтық.. Буфеттік
жүйемен тамақтанып жүрген оқушыларды қадағаланып отыр..
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясына
мектеп оқушылары өте белсене атсалысып жатыр десек болады.
9-сынып оқушыларының
арасында осы айлық барысында 7-10 сыныптар аралығына ақылы би кешін ұйымдастырды. Оқушылар
арасында өткен би кешіне мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер де белсене
қатысты.
9-сынып оқушылары,
сынып жетекшісі: Бижанова Э.Б; сабақтан соң бос уақыттарында, яғни 29 қаңтар
күні ауылымыздың жалғыз басты ана Үміт апамыздың үйіне барып, үй маңындағы
барлық қарларды тазалап берді. Апаның көмір алатын дәретханаға баратын жолдарын
тазалап, қора, үй маңындағы жолдарды қардан тазалап, әженің алғысы мен батасын
алып қайтты.
Дәл осындай қайырымдылықты 5-сынып оқушылары, сынып жетекшісі:
Кунафина А.М; сабақтан соң, яғни 1-ақпан күні осы Үміт әженің үйіне барып үй
тазалуына барып көмектесіп, әжей кір жуып жатыр екен, кірлерін жайысып келсе,
енді бірде барып шайға қосып ішетін
тәтті конфеттер мен май, шай апарып берді. Әжей бұл оқушылардың мұндай
қамқорлық жасап жатқандарына қатты риза болды.
Мектеп оқушыларының бұндай қамқорсыз
қалған әжейлерге барып көмек беріп, қол ұшын беріп қол созуы – жақсы игі істер
деп бағаладық. Оқушылардың бойына адамгершілік пен қайырымдылық жасай білуді
үйрету – біздер үшін маңызды.
Бұл жұмыс әлі өзінің жалғасын табуда.
«Қамқорлық» акциясына орай 7-10 сынып оқушыларының арасында «Пародист-Коктейл» тақырыбында қызықты концерттік іс-шара өтті. Онда
оқушылар өзара қызықты тапсырмалар мен сайыстар ұйымдастырып, одан соң түскен
қаржыны қайырымдылық қорына жұмсалды.
Қамқорлық»
акциясына орай үлкен атқарылған іс-шараның бірі қайырымдылық концерт
болды. 9-сынып оқушысы Зиябек Абзал «Әнімді саған арнаймын» атты өзінің жеке
қайырымдылық концертін берді. Концерт ауылымыздың мәдениет үйінде өтті.
Концертті ұйымдастырушы 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Бижанова Э.Б
жетекшілігімен жақсы ұйымдастырылды. Концертті жүргізушілер 8-сынып оқушысы
Халаг Айнұр мен 9-сынып оқушысы Құралбаева Ақерке оқушыларымыз тізгіндеді.
Қайырымдылық концертке барлық ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары, ұстаздар
қатысты. Билеттен түскен ақшаның барлығы қайырымдылық қорына аударылды. Бұл
шешімді концерт беруші 9-сынып оқушысы Зиябек Абзал осылай деп шешті.
Қайырымдылық -
адамгершілік белгісі
Қаңтар айында республика
көлемінде «Қамқорлық» акциясы өткенін бәріміз білеміз. Осыған орай мектебімізде «Қамқорлық» қорына байланысты бірнеше іс-шаралар атқарылды. Бүгінгі сөзімді
ұлы атамыз Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айтқан даналық сөзінен
бастағым кеп отыр. Бұл «Қамқорлық» акциясының барысында өткізілген
әр іс-шараның мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгерішілік, ізгілік, қамқорлық,
қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса, бір жағы ҚР-ның 2007
жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік
жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен
отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету болып
отыр. Осындай мақсатта өткен қайырымдылық концерті туралы сөз қозғағым
келіп отыр. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Зиябек Абзал бұрыннан ән айтумен
әуестеніп, өз бойындағы шығармашылығын бұрыннан шыңдап жүрген өнерлі
шәкіртіміздің бірі. Осы орайда Абзал «Әнімді саған арнаймын» атты өзінің
шығармашылық ән кешін өткізді. Концертіміз ауылымыздың мәдениет үйінде аталып
өтті. Концертке ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары, ұстаздар, қонақтар
барлығы қатысты. Концерт қорына билеттен түскен ақша қайырымдылық қорына
аударылды. Бұл Абзал мен өз сыныптастарының, ата-анасының, мұғалімдерінің
шешімдері болды. Концерт өте жақсы
деңгейде өтті. Концертке қатысып, кештің дұрыс ұйымдастырылуына белсене
қатысқан сынып жетекшісі Бижанова Э.Б; аға тәлімгер Тулегенова М.С; 9,8-сынып
оқушылары ; өз өнерлерін көрсеткен 2,3,4 сынып оқушылары және мәдениет үйінің меңгерушісіне, қарамағындағы
қызметкерлеріне , Абзалдың ата-анасы Ясынұлы Зиябек пен Рысханқызы Гүлдаридің алар орындары жоғары болды. Ол кісілерге
алғысымыз шексіз болды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші,
Абзалдың нағашы апасы мен жездесі осы концертке келіп, қайырымдылық қорына
қосқан үлесіміз болсын деп қаржылай демеулік жасады. Қорға түскен ақшаны ата-аналар комитетінің
председателі мен мүшелері көп балалы отбасындағы оқушыларға киім-кешектей алып
беретін болып шешіп отыр. Әр істің өз
қайырымы бар. Бұл бастаған жақсы бастамалар өз жалғасын тапса дейміз. Адамдар
бір-біріне қамқор болып, кішіпейілділік танытып, жақынына жәрдемдесіп жүргеніне
не жетсін!? Жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен имандылық сияқты асыл
қасиеттерді сіңіріп, оның нәтижесін көріп жатсақ еңбегіміздің жанғаны емес пе,
құрметті әріптестер! Бір-бірімізге қайырымды бола білейік!
Жаңа Жайнақ ауылы №49 ОМ
Касымханова З.К