#11 жыл оқып,
Білімің түсті шыңдала
Аттестат алғалы тұрсың,
Мектеп деген ордада. Аттестат деген - азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
*
#14 маусым күні Жаңа Жайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ
#Қазақ елінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің Ұландары» атты 11 сынып түлектеріне арналған аттестатты табыстау рәсімі нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.
#Бүгін 11 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік емтиханнан өтіп, білімдерін саралап жалпы орта куәлік иесі атанды.
#Мерекелік іс-шарада түлектеріміз мектепке, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Ата-аналары мен ұстаздары түлектерімізге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы өмірге ақ жол тіледі.
*
Мектеп директоры: Жапан Байқоныс оқушылардың ата-аналарына осындай шәкірт тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс хаттарымен марапаттады.
#Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын!
Сапарларыңыз оң болсын! -деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
*
#Сәтсапар жастүлек
#түлек2021