«Мектепке жол» акциясы барысында мектебімізде бірнеше іс-шаралар атқарылды. Ағымдағы оқу жылында өткізілетін іс-шаралардың жұмыс жоспары құрылып, сол жоспар бойынша жұмыстар іске асырылды.
Алдымен мөлтек аудандардың жетекшілері өздеріне бекітілген шағын аудандар бойынша 0-18 жасқа дейінгі балалар тізімін қайта қарап шығу, мектеп жасындағы және 1-сыныпқа баратын оқушылар тізімі, оқудан шығып қалған оқушылар болса, тізімге алу, жаңа туған балаларды тіркеуге алу сияқты жұмыстар атқарылды.
Биылғы 11 сынып бітірген 6 оқушының үшеуі ЖОО-на, екеуі колледждерге оқуға түссе, біреуі әскер қатарына алынды. 9 сынып бітірген 8 оқушының бесеуі колледждерге оқуға түсіп, қалған үшеуі 10 сыныпта оқуларын жалғастыруда.
Тұрғындардың әлеуметтік-осал тобына жататын жанұялардан шыққан 20 оқушы Жалпыға бірдей білім беру қорынан, жалпы сомасы 558000 теңгеге киім-кешек пен мектеп құралдарын алды. Сонымен қатар 1-сынып оқушысы Шаймардан Айсана Заманбекқызына 10000 теңгеге ТОО «Астана-Тазалық» демеушілік көмек көрсетті.