Жайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Общеобразовательная школа села Жана Жайнак

Әлуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы

27.03.2019

Ұлыстың Ұлы мейрамы -Наурыз

 Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының  сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Дәстүрімізге айналған «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!» –деген тілекпен Наурыз мейрамын үлкен той ғып атап өттік. Күлімдеген  шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.

           Осы Ұлыстың Ұлы мейрамын тойлау үшін мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналар  жаппай қатысты. Алдын ала құрылған жоспар бойынша, шаралар іске асып отырды. Мектеп оқушылары мен ата-аналар, ұстаздар Ұлыстың ұлы мейрамын атап өту үшін үлкен дайындықтар жасады. Дайындық нәтижесінде түрлі өнерлерін  ортаға салып, келген жұртты тамсандырды.   Мектеп іші әдемі тұс киіздермен безендіріліп, құрылған керегелер мектеп ішіне бір сән беріп тұрды. Барлық оқушылар мен сынып жетекшілер қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық билерімізді билеп, ән шырқауда алдарына жан салмады. Ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтауда ата-аналар балалармен бірге қатысып, дәстүрдің орындалу шарттары мен тәрбиелік жағын айтып, өнегелі тәрбиенің құндылықтарын да түсінідіріп отырды. Ұлыстың Ұлы мейрамы Наурыз мерекесін тойлауда ел ағалары мен аналарымыз түгелдей қатысты. Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебінің Наурыз мейрамын тойлауда қосқан үлестері үшін мектеп ұстаздары мен оқушылармызға деген алғысымыз шексіз. Құрметті оқырмандар, қазақ елі! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!  Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

                   Жаңа Жайнақ ауылы №49ОМ мұғалімі: З.К.Касымханова

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст