Жайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Общеобразовательная школа села Жана Жайнак

Әлуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп асханасы

05.12.2019

Мектебімізде мектеп асханасы жүйелі түрде жұмысын жасап жатыр. Оқушыларымыз тамақтанғысы келген уақытта мектеп асханасынан барып, қалағандарын алып жейді. Асхана ішінің тазалығы мен жұмысын әлеуметтік педегог және кезекші мұғалімдер уақытымен бақылап отырады. Мектеп медбикесінің де өзіне жүктелген жауапкершіліктері бойынша, асхан жұмысы мен ас мәзірін бақылап отырады. «Ас-адамның арқауы» демекші, оқушыларымыздың сабақ арасында тамақтанып отыруы, біздер үшін маңызды. Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. -Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады. Оқушылардың дұрыс тамақтануы- денсаулықтың мықты болуына , көңіл – күйдің көтеріңкі жүруіне, сабаққа деген ынтасын арттыруына көп септігін тигізері хақ.Мектеп асханасы 80 орынға арналған. Асхана іші кең әрі ыңғайлы. Арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Биылғы жылы мектеп асханасында көпбалалы отбасылардан 14 бала тегін тамақтанады. Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі. Сол себепті мектеп асханасының дұрыс , жүйелі жұмыс жасауы біздер үшін бірінші орында тұр.  

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст