Жайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Общеобразовательная школа села Жана Жайнак

Әлуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебі. 1-желтоқсан Президент күні мен тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар

11.12.2019

      Мектебімізде 1-Желтоқсан Президент күніне орай 8-11 сыныптар аралығында «Айбын» әскери –патриоттық ойын өткізілді. Ойын жоғарғы сыныптар арасында өз деңгейінде аталып өтті. Оқушыларымыз өздеріне берілген кез келген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шығуға тырысты. Әскери ойында оқушылармыз үш топқа бөлінді. Топ мүшелері өздеріне берілген жаттығуларды жақсы орындап шықты. Оқушыларымыз арасындағы турникке тартылу, арқан тартыс, мылтықты шашу және оны жинау, көздеп ату сияқты әскери-спорттық тапсырмалар болды. Мектебіміздің әскери жетекшісі Сабиев Н.Р және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ердихан Ш мен Өміртай Н сынды мұғалімдерімзі осы ойынның жоғары деңгейде өтуіне толық жауапкершілікпен қарады. Ойын соңында топтардың жинаған ұпайлары қосылып, көп ұпай жинаған топтар 1,2,3-ші орындарды иеленді.

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст