Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектеп
«Бала құқығы-адам құқығы» атты
республикалық онкүндіктің барысында
өткізілген сабақтан тыс жұмыстардың қорытындысы
2016жылы
Онкүндіктің мақсаты-білім беру ұйымдары
оқушыларының құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен
1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының
негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру болып отыр.
Осы орайда мектебіміздің 8-сынып оқушыларының арасында «Адам
құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттары
өткізілді. Сынып жетекшісі: Э.Б.
Бижанова осы тақырыпты кеңінен ашып түсіндірді. Тәрбие
сағатының мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете
білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық
білімдерін толықтыру; Адамгершілік,
адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін
арттыру; Еліміздің Ата заңын
құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру болды. Оқушыларға
тәрбие сағатында «Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан...»
үзінді келтіре отырып, оқушының құқықтары мен міндеттері ашық айтылды.
Онкүндіктің барысында 7-сынып
оқушыларымен «Бала құқығы- асыл
қазына» тақырыбында тәрбие сағаттары жүргізілді. мақсаты а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға
дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге
үйрету сынды өзекті мәселелерді назарға алды.
Тәрбие сағатын сынып жетекшісі: рамзия Тана түрлендіре өткізе отырып, сабақ
соңында оқушыларға төмендегідей үндеу тастады.