Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебі «Өзін-өзі тану : Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі жайлы М Ә Л І М Е Т .
Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа,татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты, бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
«Жаңа Жайнақ» ауылы №49 орта мектебінде 3-і мен 12 -ақпан аралығында балалар мен жастарды рухани- адамгершіліке тәрбиелеу жүйесін дамыту, оқушыларды құндылықтар әлеміне тарту мақсатында: «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы болды.
“Жаңа Жайнақ” ауылы №49 орта мектебінде Ана,мейірімділік,бейбітшілік пен достық тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар,суреттер, ашық хаттар және қабырға газеттерінің көрмесі өткізілді. Жумабай А Сыдықова А.З ұйымдастырды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның еңбек жолына арналған«Мейірім төккен ана»кітап көрмесі ұйымдастырылды. 6-ақпанда 5-7 сыныптар арасында «Жүректен жүрекке» тренинг өткізілді. Өзін-өзі тану пән мұғалімі мектеп психологы Жумабай А. Өзін өзі танудан: «Өзін-өзі тану еліне саяхат» /сыныптан тыс жұмыс/ 2-4сынып / оқушылармен өткізілді. . 10-ақпанда: «Дос болуды үйренеміз» тақырыбында 2 сыныпта ашық сабақ қткізілді бастауыш сынып мұғалімі Байжұма К
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында Өзін – өзі тану пәні мұғалімі «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу кеші өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі пәні мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жамсран Г, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасры Касымханова З.К, мектеп психологы Жумабай А, пән мұғалімдері қатысты, Оқушылармен бірге мұғалімдер мәнерлеп оқу кешіне белсене қатысып,кеш тамаша әнмен аяқталды. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ана мейірім, бейбітшілік және достық туралы оқушыларға сурет салынды.12 ақпан 10 сыныбында Жумабай А «Махаббат-өмір өзегі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жаңа Жайнақ» ауылы №49 орта мектебінде 1-8 сынып оқушылары арасында 3-14 ақпан аралығындағы он күндікті қорытындылау «Ән көңілдің ажары» атты ән кеші өткізілді. «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Назарбаеваның туған күнінде өткізілді. Бұл іс шараны Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдер: Байжұма К. Сабиева А. Сыдықова А. Жумабай А ұйымдастырып өткізді. “Жаңа Жайнақ” ауылы №49 орта білім беретін мектебінде 10 – ақпан күні мектеп оқушылары арасында Балалар ана, жақсылық бейбітшілік және достық жайлы шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды онкүндікті қорытындылау барысында іс-шара қатысқан оқушыларды сыйлықтармен марапатқа ие болды