Жайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Общеобразовательная школа села Жана Жайнак

Әлуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.03.2018

«Адамгершілік – рухани байлық»

 

Мақсаты:

Білімділік: Адамгершілік

сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік

қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра

білу білігі.

Дамытушылық: оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып

үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –

жауап, түсіндіру, ой толғау,

Көрнекілігі: нақыл

сөздер жазылған плакаттар.

Жүру барысы:

Мұғалім:

Адам

өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,

өмір заңдылықтарын үйренеді.

Оқушылар,

адамгершілік дегеніміз не......?

Адамгершілік

– қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды

зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық

ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен,

басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.

Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.

Нәпсі

деген не?

Нәпсі

– адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік

қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.

 

Жаман

қасиеттерге нелер жатады?

Жаман

қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық

ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б

жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.

Ал

адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

Адамгершілік

қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,

әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.

Әдептілік

- өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін

түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті

адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі

жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.

 

Намыс,

ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан

ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих

пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше,

ұлттық рух пайда болмайды.

Қазақ

халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда

болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме,

ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал

шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында

ойнаған.

Ғалым

Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты

сегіз түрлі мәселені қамтыған.

Біріншіден,

тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті

бол»дегенді басты міндет етіп алған.

Екіншіден,

олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.

Үшіншіден,

тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.

Төртінші,

адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре

білген.

Бесіншіден,

өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға

дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге

жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек

деген.

Алтыншыдан,

үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға

тәрбиелеген.

Жетіншіден,

кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне

баспауға тәрбиелеген.

Сегізіншіден,

ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам

баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.

Қазақ

халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке

байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына

қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп

бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер

есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық

бол, бес нәрседен қашық бол деген.

«Ситуациялық сұрақтар»

1.     Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың

шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу

керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол

шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын

кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер

едіңдер?

2.    

Үйде

отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып

жатқан

бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты

көргің келіп отыр. Не істер едің?

Мектептегі

әдептілікке нелер жатады?

Мектептегі

әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен,

жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып

келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.

Амандасу

- әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен

амандасқанда не деп айтасыңдар?

Әрқашан

үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын

шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға

салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.

 

«Ситуациялық сұрақтар»

 

1.    

Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау

себебін

өтірік

айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

«Дос

жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық

екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.

 

2.    

Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы

сыртта

жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр

екен. Не істер едің?

«Ұрлық

түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.

 

Әрбір

адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер.

Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, оқушылар

бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден

арылмайық.

 

 

 

 

 

 

Адамгершілік - рухани

тәрбиенің маңыздылығы  8-11 сынып

Қай

ғасырда болсын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. « Бала тәрбиесі

мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платон бекер айтпаған.

Болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі

жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Жастар мен

жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сипаты қандай болса, жемісі де соған сай

болары хақ.


«Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру.

Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат

әкеледі», - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол

тәрбиенің түрі, бұл – патриоттық тәрбие.

Патриотизм ( грек сөзі)- Отанға деген

сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен

мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз

бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді.


Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ

тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің

қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту

технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы өз Отанының азаматын

тәрбиелеу болып табылады. Болашақтың қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мектептегі білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз –

оның жүрегі.

Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз

елінің патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық

дәстүрлерді, ұлттық ережелерді мақтанышты, ар-ожданды жақсы білу деген сөз.

Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму

тарихы арқылы қалыптасады, әрбір дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте

қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап,

оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға

болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты

пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк,

әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен

намыс, тағы басқалары. Әрбір қоғам өзiнiң даму процесінде адамгершiлiк

категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.

Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған

әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса,

шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады және адамның өзiне

субьективтi түрде міндет қоя білумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттері

отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың

iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе

алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең,

ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк

мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi,

былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты

ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн

еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа

достық - қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген

уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам - ардақты. Бiздiң

ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға

таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес.

Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан

дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан

Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер

жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге

абырой, атақ, даңқ әкелді. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер

қалыптасуы керек. Олар: Отансүйгiштiк.

Халқымыз кір жуып, кiндiк кескен атамекенiн

аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетін, әдебиеті мен тарихын, біртуар аяулы

перзенттерін мақтан тұтып, қадірлеп, қастерлеуді ұрпағына аманат еткен.

Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны

қастерлеп, қадірлеп қадір тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен

ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетін болады. Өйткені халқымыз “Отан – от

басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрім-бұтағын жанындай

жақсы көріп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды

азамат болуы екіталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi,

сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады.

Қазақ елiнiң кез-келген перзенті жұмыр жердің қай бұрышында жүрсе де өзiнiң

iс-әрекетi мен мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк

қасиеттерін тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиіс.


Әдептiлiк.

Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының

өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы

қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк

қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам

табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен

сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау,

талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу,

құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық

рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi

құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк -

әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк

деген сөз.


Бауырмалдық.

Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен

жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi

кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр

дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке

баулуымыз қажет.


Қайырымдылық.

“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың

өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А. И. Левшин: “(1799-1879) – басқа

Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету,

баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең

мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет” [20, 387].

“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие.

Тәрбиесіз бiлiм - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”-

деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының

бiрi - тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды,

алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен

жақын адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар

өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа

жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие -

адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.

Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола

бередi.

Әдептердi белгiлi бiр

мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық

(әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т. б.).

Тәрбиенiң

дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К. Д. Ушинский болды. Ол өз

еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық

сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие

көзi- халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде

жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин

мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық [ 21, 266].

Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де

назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi

жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда

адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.


Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам

алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет.

Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”- деген ұлағатты

пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәріне қандыру да педагогтық парыз

екенін ұмытпағанымыз абзал [2, 38].


Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам

баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң

айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте

сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы

жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн

адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман

деп жiктейдi. Ал Ш. Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк

iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа,

ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi

елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.


Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы

адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады,

адамгершiлiк тезге салады [54, 236].

Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам

мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық

психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен

барша халықтың мiндетi.

Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу

бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.


Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр

бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен

рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.

Адамгершiлiк

құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi.

Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға

қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы

дүниенi - әлемдi тануы.

М. Шоқайұлы былай деген: “Мәдениет - адам әлемi.

Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк

заттандырылып, игiлiктер дүниесі құрылған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға

деңгейiне көтеретін негiзгi құрал”.


Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да,

қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын “Сегiз қырлы бiр сырлы “ деген бiр ауыз

сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой,

сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым

болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi..


Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн

жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да

ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi - жетiлген тұлға тәрбиелеу.


Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық,

мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да

болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері.

Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан

айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай

болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір

іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге

тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан

кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап

қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында»

демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы

керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек - ұлы жеңіс

болары анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы:«Адамгершілік –

рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды

адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру

мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз

міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы

тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас,

сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының

барысы:

I-кезең: Тәрбие

сағатымен таныстыру

II-кезең: Оқушылардың

Адамгершілік жайлы түсінігі

III-кезең: Саяхатқа

шығу ойыны

IV-кезең: 

Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V-кезең: Пікірсайыс

(қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік,

саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан

дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам

адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір,

ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке

тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы,

ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын

қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан

адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік –

адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн

адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан

тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы

Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды

айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие

сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын

білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы

неде?

1-оқушы.Адам тумысынан

жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны

немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені

адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір

заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық,

қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын  – еліміздің дәстүрін

ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы.Адамгершілік қасиет

ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс

көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді

сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары

лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға

қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

 

Мұғалім.Адамгершілікке

байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық.

Елімізде үлкен қалалар бар:

Астана, Алматы,

Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе

қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған

жауап беру керек.

Сұрақтар:

–    

Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен

не істер едің? 

–    

Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

–    

Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

–    

Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

–    

Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

–    

Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

–    

Асықпай түсіндіріп беремін.

–    

Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

–    

Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

–    

Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

–    

Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

–    

Әдептілік деген не?

–    

Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні

болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан

екен.

Адамгершіліктің

негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу,

ізеттілік.

Рұқсат сұрау,

кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік,

сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік

мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі,

мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам

адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып

дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде

ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі

мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын

құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді

үйренгендері жөн.

Имандылық – әр адам

ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала

дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық

бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан

дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге

кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек,

кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам

бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу

жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық –

айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке

жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық

мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам

құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар

нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына

қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке

өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат

алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз

Отаныңның мақтанышы боласың.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алған

мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына

кезек береміз.

Ортаға

алғашқы қонағымызды шақырамыз.

Оның

пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз»

дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.

1.    

Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2.    

Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3.    

Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға

екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан

алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы алайық, өз

пікірін ортаға салушы – _____________.

1.    

Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2.    

Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

 

Үшінші қонағымыздың

пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек»

дейді. Қарсы алайық, ортада – __________.

1.    

Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2.    

Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3.    

Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Қызу пікірімізді

жалғастыратын келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Әр адам өзінің

адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде. Ортада – _____________.

 

1.    

Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?

2.    

«Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

3.    

Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Келесі қонағымызды

ортаға шақырайық, ол «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан,

құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады » деген

пікірде. Ортада – ______________.

1.    

Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2.    

«Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар»

дегеннен нені байқауға болады?

3.    

«Сөйлесе сөз әдепті» дегенді қалай түсінесіз?

Сарапшы қонақтарға сөз

кезегі берілді.

 

 

 

 

«Адамгершілік» 

тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1.    

Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2.    

Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3.    

Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4.    

Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5.    

Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6.    

Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7.    

Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8.    

Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9.    

Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10.  Адам

дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.  Адам

бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің

бірі (ерлік).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

Отбасындағы адамгершілік — рухани тәрбиенің

маңыздылығы

 

Отбасындағы адамгершілік — рухани

тәрбиенің маңыздылығы

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам

болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының

алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз “ –деген болатын. 

Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы.

Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан жанұя тәрбиесі

халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Әрбір жанұяда балалардың

рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне

байланысты. Қай заманда, қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына ететін

ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жанұя

тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату

тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың

адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан

моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің,

ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор.

Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты

да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын

ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал

көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан

моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір

байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да,

өмірге беретіні де көп болады.

Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен

бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық шешіле алмай

келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы

орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен

ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Талапты жастарға

мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер негізінен, ата-аналар.

Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам

жоқ.

Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет

негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен

мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері

мол.


Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті

мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді:

"Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан,,

екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы

көрсе, сонысынан көбірек жұғады". Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса

да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс.

Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы

әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен жанұяда алады..

Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе,

ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда

баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер

өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ.

А.С. Макаренко ата-аналарға арнаған еңбегінде "Сіздің мінез-құлқыңыз

-жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз,

басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен

және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті

қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін

маңызы ерекше"- деген болатын.

Ата-аналар шын беделге ие болған жанұяларда олардың жай ғана реніш білдіруі,

ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің

болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне

дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан-

тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен

жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен

қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар, үнемі ескере бермейміз.

Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуеспіз. Мұндай

отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне мән бермейміз. Отбасындағы

байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас балалардың ата-аналарына сенімі мен құрметін

күшейтетінін ұмытамыз. 

Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты

екенін ұмытпағаны абзал.

Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре

алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы- ертеңгі қуаныш”- деген А.

С. Макаренко. Олай болса әрбір ата- ана балаларын ертеңгі қуанышты сезіне

білуге тәрбиелеу қажет. 

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше

назар аударған. “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру

арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін”, - дейді.

Олай болса, отбасы мектеппен

бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан

да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне

қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. 

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани

тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның

туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен

ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың

бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды

қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар

шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық

педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты

жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім

берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі

үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда .«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда

соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен

сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі

келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан

естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып,

жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер

тәлімі мол болмақ.

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден,

тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана

алады.Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны

белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген

тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек

сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі

дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны

ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз.

Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың

тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. “Отбасы

адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы

бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс

болып табылады”,- деп анықтама берген А.С. Макаренко болатын. 


Қазіргі кезеңдегі саяси,

экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық

қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге,

адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді

қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б. мәселелері жастар

тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден

келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен

жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады. 

Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең

алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық

болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай

тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар

арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін

басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен

өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол

арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде

тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені

айтылған. 

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол

бала солай бола алады», — дейді


 

 

 

 

Просмотров: 10374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст