Жайнақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Общеобразовательная школа села Жана Жайнак

Әлуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.03.2018

Жолдауға үн

қосу.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жаңа

мәлімдемесі еліміздің дамуындағы маңызды стратегиялық құжат екені барша халыққа

белгілі. Жиырма жылдан астам уақыттан бері еліміз дәстүрлі түрде жылдың басында

мемлекет басшысының өз халқына арнаған Жолдауын күтеді. Міне, биыл да “Төртінші

өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты жаңа

Жолдаумен таныстық. Бұл еліміздің өткен кезеңде қол жеткен жетістіктерінің

қорытындысын шығару, сонымен бірге, келешекте дамудың нақты қадамдары мен

болашағын анықтау болып табылатын құжат. Және биылғы Жолдау әр қазақстандықтың

ой елегінен өтетін жаңа 10 міндетімен ерекшеленеді.

Елбасы Жолдауы біздерге алдағы жұмысымызда не нәрсеге мән беруіміз

керектігін нақты да дәлелді айқындап беріп отыр. Бұл бағдарламалық құжатта

нақты көрсетілген индустрия, өндіріс, ресурстық әлеует және басқа да салаларға

қатысты 10 міндетпен қатар, халықтың әл-ауқатын арттыру туралы идеясы әр

азаматты ерекше толғандырады деп ойлаймын. Жолдауда көрсетілген 10 бағыттың

бәрі де еліміздің келешегі үшін маңызы зор салалар. Алайда, еліміздің келешегі

үшін маңызы зор бұл бағыттар бойынша әлі де көп жұмыстар атқарылуы қажет.

Сондықтан, Елбасы Жолдауында осыған орай нақты міндеттер мен тапсырмалар

белгіленгені өте орынды. Біздер, мұғалімдер, Жолдауда белгіленген міндеттерді

ата-аналарға, жоғары сынып оқушыларына жан-жақты түсіндіріп, оны жүзеге асыруға

барынша атсалысамыз деген ойдамын. Себебі: Елбасы Қазақстанда жасалып жатқан

ізгі істердің барлығы жастардың болашағы үшін екенін үнемі айтып келеді. Өзім

мұғалім болғаннан кейін бұл маңызды құжатта ұстаздың беделін көтеру туралы

мәселе де толғандырды.

Ендеше, тәуелсіз

еліміздің бүгіні мен келешегі үшін айтылған барлық міндеттерді жүзеге асыру

үшін бар үлесімізді қосуға тырысамыз. Алайда біз, жаңа заманға лайық болу үшін,

бұл тапсырмаларды толық та тиянақты орындауға міндеттіміз деп білем. ”Жұмыла

көтерген жүк жеңіл”.

 

 

                         

 

Просмотров: 706


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст